Токионың шығысындағы сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні болған 5,2 баллдық жер сілкінісінен кем дегенде үш адам жарақат алды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
Зілзала кезінде құлаған 60 пен 80 жас аралығындағы әйелдерге диагноз қойылды, Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
Бастапқыда Жапонияның метеорологиялық басқармасы жер сілкінісінің магнитудасы 5,4 болғанын хабарлады, бірақ содан кейін оның күші 5,2-ге дейін төмендеді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Токиоға іргелес Тиба префектурасының аумағында болды. Жер сілкінісі Жапонияның шығысындағы бірнеше аудандарда, соның ішінде Токиода сезілді.