Сейсенбі күні Жапонияда құтқарушылар теңіз жағалауындағы Ното түбегінде болған бірнеше жер сілкінісінен қаза тапқан тағы 22 адамның денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, кемінде 102 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр.
"Олардың орналасқан жерін анықтау үшін төтенше жағдайлар қызметімен байланысу мүмкін болмай отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны – 565. Жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың 28 мыңға жуық тұрғыны әлі эвакуациялау пункттерінде тұрып жатыр", - делінген хабарламада.
Табиғи апаттан әсіресе Исикава префектурасы зардап шекті: онда кем дегенде 1370 үй толық немесе ішінара қирап қалған, ал өрт салдарынан 300-ден астам ғимаратты жермен-жексен болды.