Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 60-тан асты

351

100-ден астам адам әртүрлі жарақат алды.

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 60-тан асты Фото: AP Photo

Жапонияның орталық бөлігінде болған жер сілкінісі құрбандарының жалпы саны 62-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 47 News порталына сілтеме жасап.

Сондай-ақ 100-ден астам адам әртүрлі жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді.

"Құрбандар мен зардап шеккендердің көпшілігі – әлі де жалғасып жатқан жер сілкінісінің ошағында орналасқан Исикава префектурасының тұрғындары. Онда жер сілкінісінен туындаған көптеген өрттен 200-ден астам тұрғын үй жанып кетті, сондай-ақ 100-ден астам ғимарат жерасты дүмпуінен қирап қалды", - делінген хабарламада.

Апат аймағына аттанған құтқарушылар, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен елдің өзін-өзі қорғау күштерінің сарбаздары үйінділерді тазарту және оқиға орнында адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сәрсенбі күні зардап шеккен аймақтарда таңнан бері жаңбыр жауып тұр.

Жер сілкінісінің салдарына байланысты Исикава, Ниигата және басқа аудандардың 60 мыңға жуық тұрғыны эвакуацияланды. 33 мыңнан астам үй жарықсыз қалып, зардап шеккен аймақтарда интернет пен ұялы байланыс үзілген. Кейбір ауылдарда ауыз су жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу