Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағасында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 246 мың адам тұратын Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.
Ошақтың тереңдігі 35 шақырымда жатқаны белгілі болды.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі туралы мәлімет айтылмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу