Жапонияда жолаушылар ұшағы шұғыл қонып, бірнеше жолаушы жарақат алды

138

United Airlines әуе компаниясының ұшағы жүк бөлігінде өрт шығуы мүмкін деген дабылдың іске қосылуына байланысты Кансай халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Жапонияда жолаушылар ұшағы шұғыл қонып, бірнеше жолаушы жарақат алды Фото: news.myseldon.com

Әуе кемесі Токио маңындағы Нарита әуежайынан Филиппиннің Себу аралына ұшып шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда шамамен 10 мың метр биіктікте, Вакаяма префектурасының жағалауынан 200 шақырым қашықтықта болғанда, жүк бөлігіндегі қауіп туралы жүйе дабыл берген.

Ұшақта 142 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Кансайға қонғаннан кейін олар үрлемелі сырғанақтар арқылы эвакуацияланды. Оқиға барысында кемінде 2 адам жеңіл жарақат алды.

Әуежайға жеткен соң көрінетін өрт немесе түтін тіркелген жоқ. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында ұшу-қону жолағы бірнеше сағатқа жабылды.

Қажетті тексерістер аяқталғаннан кейін әуежай қалыпты жұмысын қайта жалғастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу