Жапонияда жұмыссыздық деңгейі күрт көтеріліп кетті

1923

Пандемия кесірінен бұл көрсеткіш бір жылдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Жапонияда жұмыссыздық деңгейі күрт көтеріліп кетті

Наурыз айында Жапония елінде жұмыссыздық жайлап, жұмыс орындарының саны да қысқарды. Бұған пандемия мен оның салдарымен күреске бағытталған шаралар әсер етіп отыр. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады.

Ресми дерек бойынша, өткен айда жұмыссыздық деңгейі 2,5%-ға дейін өскен. Ал ақпанда 2,4% болған екен. Бос орындар мен жұмыс іздеушілердің санының ара салмағы 1,45-тен 1,39-ға дейін қысқарды. Мұндай жағдай 3 жыл бұрын тіркелген.
Наурызда жұмыссыздардың саны 60 мыңға немесе 3,6%-ға өсіп, 1,72 миллионға жеткен. Бұл динамика әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені сәуір айында ел үкіметінің төтенше жағдай режимін жариялауы нарыққа кері әсерін тигізуі ықтимал. 

Соңғы дерек бойынша, Жапонияда коронавирус жұқтырғандардың саны 13400-ден асқан. Елдегі ТЖ режимі 6 мамырға дейін жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу