Жапонияда аптап ыстықтан 23 адам көз жұмды

1085

Өткен аптада аптап ыстықтан шамамен 50 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. 

Жапонияда аптап ыстықтан 23 адам көз жұмды

The Japan Times басылымының дерегі бойынша, 5-11 тамыз аралығында болған ыстық салдарынан 23 кісі қаза тауып, 12751 адам ауруханаға жеткізілді. Ауа температурасы 39 градустан асып кеткен. 

Ауруханаға түскен 400 науқас ауыр халде жатыр. Олар енді 3 аптадай стационарлық жағдайда ем қабылдауы керек, дейді жергілікті дәрігерлер.

Ресми дерекке сүйенсек, күн өткендердің басым бөлігі Токио қаласының тұрғындары. Шаһардың 1500 тұрғыны ауа температурасының көтерілуінен зардап шеккен. Бұған дейін өткен аптада аптап ыстықтан шамамен 50 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. 

Сарапшылардың болжамынша, мұндай ауа райы Жапонияда әлі екі аптаға созылуы ықтимал. Сондықтан мамандар тұрғындарға күн астында жүрмеуге және суды көбірек ішуге кеңес беріп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу