Жапониядағы атом электр станцияларында зілзаладан кейін ешқандай ақау тіркелген жоқ

Метеорологтар алдағы аптада жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін хабарлады. 

Жапониядағы атом электр станцияларында зілзаладан кейін ешқандай ақау тіркелген жоқ Фото: reuters.com

Бірқатар күшті жер сілкінісінен кейін жапондық атом электр станцияларының жұмысында ешқандай ақау байқалмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жапония үкіметінің бас хатшысы Йосимасу Хаяшидің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

 "Атом электр станцияларында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ", – деді ол баспасөз мәслихатында.

Жапонияның ядролық реттеу органы да бірде-бір атом электр станциясында ақау табылмағанын растады.

"Дегенмен, мұнайдың төгілуі тіркелді", – деп жазылған хабарламада.

Ал Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі алдағы бірнеше күнде жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар, мамандар цунами толқынының да қайталанатынын, көшкін мен үйлердің құлау қаупі бар екенін ескертті.

Еске сала кетсек, 1 қаңтарда Жапонияның орталығындағы Исикава префектурасында бірнеше жер сілкінісі болды. Оның ең күштісінің магнитудасы 7,6 балл. Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны сағат сайын артуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу