Жапониядағы қалың қардан 46 адам көз жұмды

241

Жапонияда соңғы үш апта бойы толастамаған қалың қар салдарынан кемінде 46 адам қаза тауып, шамамен 600 адам түрлі деңгейде жарақат алған.  

Жапониядағы қалың қардан 46 адам көз жұмды Фото: Kyodo News via AP

Жергілікті билік пен полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі тұрғын үйлердің шатырларынан құлаған қар астында қалу және қар тазалау барысында адамдардың тайып құлауынан болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қардың көп түсуі әсіресе солтүстік өңірлерде өмірді қиындатып, күнделікті тұрмысқа елеулі қауіп төндіріп отыр.

Қаңтардың соңынан бері үздіксіз жауған қар Жапон теңізі жағалауына жақын аймақтарда көлік қозғалысын айтарлықтай шектеген. Кейбір елді мекендерде жолдар уақытша жабылып, төтенше жағдай қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр болған.

The Japan Times басылымының жазуынша, Жапонияның метеорологиялық агенттігі Аомори қаласы орналасқан солтүстік өңірде қар жамылғысының қалыңдығы 1,3 метрге жеткенін хабарлаған. Мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу