Жапонияда тайфуннан келген шығын 1,5 млрд долларға жетті

1000

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 33 гектарға жуық жерді су басып қалған.

Жапонияда тайфуннан келген шығын 1,5 млрд долларға жетті

Жапониядағы тайфуннан келген шығын 1,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы ел үкіметі жариялады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі бойынша, қыркүйек айындағы "Факсай" сұрапыл дауылынан 468,2 млн доллар, ал "Хагибис" жойқын желінен 1,1 млрд доллардай шығын келген. 

Ресми дерекке сүйенсек, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 33 гектарға жуық жерді су басқан.

Естеріңізге сала кетейік, "Хагибистен" кейінгі су тасқыны мен лай көшкінінен 88 адам қаза тауып, 7 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Ал зардап шеккендердің саны 400-ден асқан. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэның айтуынша, жуырда министрлер кабинеті апат салдарымен күреске қосымша қаражат бөлу туралы шешім шығарады. Осыдан кейін тайфун кесірінен қирап қалған жолдар, көпірлер, мен тұрғын үйлерді қайта жөндеу жұмыстары басталады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу