Жапониядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 128-ге жетті

361

Тағы 560 адам жараланып, 222-сі хабар-ошарсыз кеткен. 

Жапониядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 128-ге жетті Фото: Известия

Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 128-ге жетті. Бұл туралы Kyodo News жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 560 адам зардап шеккен. Шұғыл қызмет мамандары 222 тұрғынның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

2024 жылдың бірінші күні Жапонияның батыс жағалауындағы Исикава префектурасының Ното түбегінде бірқатар ірі жер сілкіністері тіркелді. Осыған байланысты елдің бүкіл батыс жағалауында солтүстіктен оңтүстікке дейін цунами қаупі, одан соң 2011 жылдан бері алғаш рет үлкен цунами қаупі жарияланды. Жағалаудағы бірқатар жерлерде цунамидің биіктігі 4,2 метрге жетті.

Өткен тәулікте жер сілкінісінен 124 сағат өткен соң, Сузу қаласындағы аймақта қираған үйінділер астынан 90 жастағы әйел құтқарылды.

1370-тен астам үй ішінара немесе толығымен қираған. Исикава префектурасында 66 мың үй сусыз, тағы 23,9 мыңнан астам үй жарықсыз қалып отыр. Бұл префектурада 357 эвакуациялық пункт ашылды, эвакуацияланғандар саны 30,7 мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу