Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30-ға жетті – БАҚ

Бұған дейін, зілзала салдарынан 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30-ға жетті – БАҚ Фото: Kyodo

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, қираған 50-ден астам ғимарат үйінділерінің астында адамдар болуы мүмкін.

Бұған дейін, зілзала салдарынан 13 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Еске сала кетсек, дүйсенбі күні Хонсю аралындағы Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде орналасқан Исикава префектурасында 7,6 балдық жер сілкінісі орын алды. Алғашқы дүмпуден кейін 80-нен астам толқулар болды.

Ең көп зардап шеккен – Исикава префектурасының Вадзима қаласы. Онымен теміржол қатынасы үзілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу