Жапонияда бес күннен бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 92-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, елдің төтенше жағдайлар қызметі 242 адамның тұрғылықты жерін анықтай алмайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі мен оның салдарынан 250-ден астам тұрғын әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.
Бұдан басқа, табиғи апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері жұмылдырылған құтқару және іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, 4 қаңтар күні құтқарушылар үйінді астында 72 сағаттан астам уақыт болған тірі қарт әйелді тапқан.
Айта кету керек, Исикава әкімшілік бөлігі ең көп шығынға ұшырады. Онда 250-ден астам үй қирап, өрт тағы 200 ғимаратты қиратқан.
Сонымен қатар, жергілікті билік бұл деректердің түпкілікті емес екенін ескертеді, себебі зілзаланың көлемін бағалау әлі жалғасып отыр.