Агенттік болжамынша, биіктігі 3 метрге дейін жететін толқындар тіркелуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жапонияның мемлекеттік телерадиокорпорациясы NHK World цунами туралы ескерту жер сілкінісінен 10 минут өткен соң жарияланғанын, солтүстік-шығыс жағалаудағы тұрғындарға дереу эвакуациялану керектігі ескертілгенін хабарлады.
NHK арнасының мәліметінше, премьер-министр кеңсесінде жедел дағдарыс штабы құрылды.
Билік бірнеше жағалаудағы аймақ тұрғындарына шұғыл эвакуациялануға бұйрық берді.
Тохоку Electric Power және Хоккайдо Electric Power компаниялары өңірдегі атом станцияларында ешқандай қалыптан тыс жағдай анықталмағанын мәлімдеді. Тохоку Electric бастапқыда мыңдаған үй жарықсыз қалғанын хабарлағанымен, кейін бұл санды бірнеше жүзге дейін төмендетті.
Бұл жерасты дүмпуі Жапонияда 2025 жылы тіркелген ең қуатты зілзала болып отыр. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 9 қарашада Иватэ префектурасы жағалауында болған еді. Ол кезде магнитуда 6,8-ге жетіп, цунами тіркелген.
Еске салайық, Жапония – әлемдегі ең сейсмикалық белсенді елдердің бірі. Мұнда орта есеппен әр 5 минут сайын жер дірілі тіркеледі.