Жапонияға қашқан украиналықтарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі

1045

Оларға берілетін визаның мерзімі үш айдан бір жылға дейін ұзартылды

Жапонияға қашқан украиналықтарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі

Украинадан Жапонияға бас сауғалап қашқан босқындарға бұл елде жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz әділет министрі Йошихиса Фурукаваның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Фурукаваның айтуынша, оларға берілетін визаның мерзімі үш айдан бір жылға дейін ұзартылды. 

Бұған дейін Жапония билігі украиналық босқындарды қабылдай бастайтынын мәлімдеді. "Жапонияда тұратын украиналықтардың туыстарын елімізге көшіру туралы шешім қабылданды, бірақ біз мұнымен шектелмейміз, осы мәселенің гуманитарлық жағын негізге ала отырып шара қабылдаймыз", – деді елдің премьер-министрі Фумио Кисида.

14 наурызда Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрінің орынбасары Павел Шафернакер Германия билігі Польшадан украиналық босқындар толы пойыздарды жіберуді тоқтата тұруды сұрады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу