Жапония 2030 жылға қарай энергетика саласында пайдаланылатын сутегінің бір жылдық мөлшерін 10 млн тоннаға дейін көбейтпек. Билік ауаға бөлінетін улы газдардың мөлшерін азайту мақсатымен осы бастаманы қолға алды. Ол үшін үкімет 19,2 млрд доллар көлемінде қаражат бөліп, осы саланың бірқатар өкіліне белгіленген салықты азайтпақ.
Nikkei басылымының дерегінше, 10 млн тонна сутегі арқылы 30 атом реакторының қуаттылығына тең электр энергиясын алуға болады. Жапония сутегіні күн және жел энергияларына қарағанда сенімді қуат көзі деп санайды. Бұдан бөлек бұл елде сутегімен жүретін көліктердің өндірісі де дамымақ. Kawasaki Heavy Industries компаниясы 2025 жылға қарай сутегінің көмегімен жүретін жүк таситын кемелерді шығара бастайды.
Табиғат Нұрболат