Жапонияның Нагасаки префектурасындағы Сасэбо қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 мың тонна тұз қышқылы төгілді, деп хабарлайды жапонның Эн-эйч-кей телеарнасы.
Оқыс оқиға сейсенбі күні орын алды. Қышқыл толы үш цистернаны әкеле жатқан көлік қарсы бағыттағы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Екі бакқа зақым келіп, қышқыл төгілді.
Эн-эйч-кейдің мәліметі бойынша, қышқыл сол тұстан ағып өтетін Аиноура өзеніне де түскен. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Билік жергілікті тұрғындардың өзенге жақындамауды және үйлердің терезесін ашпауды өтінді.
Жол-көлік оқиғасы тұрғындарды сумен қамтуға әсер етпеген. Полиция оқиғаға тайғақ жол себепші деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу