Жапонияның оңтүстігіндегі Жанартау аралдары ауданында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.
Жанартау аралдары Жапония астанасы Токио қаласынан шамамен 1250 шақырым оңтүстікте орналасқан. Жалғыз қоныстанған арал – Ио (Иводзима), мұнда Жапонияның әскери базасы орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу