Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде соқтығысты

261

Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ экипажымен байланыса алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы әуеде соқтығысты Фото: zvo.ric.mаil.ru

"Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты", - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі МИнору Кихара. 

Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу