Азия нарығындағы саудада бір АҚШ доллары 162 иенге бағаланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме тағы көтерілуі мүмкін деген болжам әсер еткен. Осыған байланысты инвесторлар қаржысын долларға ауыстыра бастаған.
Жапония билігі бұған дейін иен бағамын тұрақтандыру үшін сәуір және мамыр айларында шамамен 73 миллиард доллар жұмсады. Алайда Таяу Шығыстағы шиеленіс жапон валютасына қосымша қысым түсіріп отыр.
Жапонияның қаржы министрі Сацуки Катаяма сейсенбі күні үкімет валютаның шамадан тыс бағалануына қарсы шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
"Бұл Жапония мен АҚШ арасында расталғандай, шешуші шаралар қабылдауды қамтиды", – деді Катаяма.