Жапониядағы басқарушы либералды-демократиялық партияның төрағасы Сигэру Исиба елдің 102-ші премьер-министрі болып сайланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жапония үкіметінің басшысы дауыс беру барысында партиялар ұсынған кандидаттардан — әдетте саяси бірлестіктердің көшбасшыларынан сайланады. Партия Парламентіндегі көпшілік орынға ие басшы ғана премьер-министр бола алады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Исибаға 461 депутаттың 291-і қолдау көрсетті.
Бұған дейін бұрынғы премьер-министр Фумио Кисида бастаған Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кеткен болатын
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    