Жапонияның жүк тасымалдау компаниялары Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды толығымен тоқтатты

Тиісті шешімді NYK Line, Mitsui OSK Lines және Kawasaki Kisen Kaisha компаниялары қабылдады. 

Жапонияның жүк тасымалдау компаниялары Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды толығымен тоқтатты  Фото: pixabay.com

Жапониядағы кеме қатынасының ірі компаниялары аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды толығымен тоқтатқан. Бұл туралы inbusiness.kz сайты NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті шешімді NYK Line, Mitsui OSK Lines және Kawasaki Kisen Kaisha компаниялары қабылдады.

Осы уақытқа дейін, олар тек Израильге қатысты кемелер тасымалымен шектелсе, енді барлық басқа кемелер де тасымалды тоқтатады.

Айта кететін болсақ, баламалы бағыт Африканың оңтүстігіндегі Қайырлы Үміт мүйісі арқылы өтеді. Бұл жеткізу мерзімдерінің ұзаруына және тасымалдау құнының жоғарылауына әкеледі.

Бұған дейін, жапондық Suzuki компаниясы Қызыл теңіздегі жағдайға байланысты Жапониядан құрамдас бөліктер, соның ішінде қозғалтқыштарды жеткізудегі үзіліс салдарынан Венгриядағы құрастыру зауытының жұмысын бір аптаға тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін хуситтердің жаңа зымырандық шабуылы салдарынан Грекияның жүк кемесі зақымдалғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу