Жаппай егіс науқаны қашан басталады? – министр жауабы

329

Биылғы жалпы егіс алаңы – 23,8 млн гектар. 

Жаппай егіс науқаны қашан басталады? – министр жауабы Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алаңдары өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрады. Сонымен қатар, майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және азықтық дақылдарды 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр", - деді министр.

Ведомство басшысы суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мақта алаңдарын – 16 мың гектарға, күрішті 12 мың гектарға қысқарту болжанып отыр.

"Бүгінгі таңда еліміздің кейбір өңірлерінде егіс жұмыстары жүргізілуде, 1,5 млн га 13 өңірде егілді. Жаппай егіс науқаны биылғы мамыр айының екінші онкүндігінде басталады. Көктемгі дала жұмыстары кезіндегі ауа райы туралы айтатын болсақ, "Қазгидрометтің" деректеріне сәйкес, республиканың көптеген аумағында ылғал қоры оңтайлы", - деп түсіндірді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу