Ақпаратқа сәйкес, аталмыш комиссия қызметінің мақсатына ядролық, химиялық және биологиялық қаруды таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау жатады. Сондай-ақ комиссия мемлекет басшылығының жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша ҚР мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестірумен айналысады.
"Комиссия елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың қатысушы-мемлекеттердің Үшінші кездесуге төрағалығы бойынша дайындық мәселелерін қарастырды", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомство басшылары тапсырмалардың орындалу барысына тоқталып, келесі кезеңге нақты міндеттерді анықтады.