Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті

505

Тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. 

Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті Фото: РФМШ

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланып, мектеп қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазанның 12-13 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.

Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.

Басқарма мәліметінше, жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу