Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған бүлдіршіннің отбасына пәтер беріледі

1270

Алматыда 7 қаңтарда өткен шерулер кезінде 4 жасар қыз оққа ұшып қаза тапты. Оның 15 жасар әпкесі жансақтау бөліміне түсті. 

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған бүлдіршіннің отбасына пәтер беріледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп, қайтыс болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барып, көңіл айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Қала әкімі оның әкесі Айдос Мелдеханұлы мен анасы Динара Адамовамен кездесті. Алматыда 7 қаңтар болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 жасар Айкөркем көз жұмды. Ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақаттанып, жансақтау бөліміне түсті. 

"Бақытжан Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Олардың отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі пәтер беріледі", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз қаза тапты. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу