Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр

1002

Медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болды.  

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният онлайн брифинг барысында елдегі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендер туралы соңғы ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өңірлердің денсаулық сақтау басқарламарының шұғыл деректері бойынша, Төтенше жағдай режимі енгізілген кезден бастап, жалпы елдегі террористік актілердің салдарынан 2 739 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі таңда 200 адам стационарлық ем алып жатыр", – деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, 14 науқастың жағдайы ауыр, олар реанимациялық бөлімшелерде жатыр.

"Төртеуі Алматыда, біреуі Алматы облысында, бесеуі Қызылорда облысында. Медициналық ұйымдарда көз жұмғандарға келсек, бүгінгі таңда 177 науқас қайтыс болды. Соңғы 3 күнде реанимацияда жатқан 2 науқастың жағдайы нашарлап, көз жұмды. Біздегі дерек бойынша, митингіге қатысушы 1 жүкті әйел зардап шегіп, Талғар аудандық орталық ауруханасына түскен. Оны дәрігерлер құтқарып қалған. Алматыда 2 бала қайтыс болды деген мәлімет бар", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу