Шымкентте адам өліміне әкелген көшедегі төбелеске қатысты тағы 3 күдікті ұсталды

226

Бұл туралы марқұмның қорғаушысы Талғат Есімов хабарлады.

Шымкентте адам өліміне әкелген көшедегі төбелеске қатысты тағы 3 күдікті ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Шымкент қаласында 20 қаңтарда болған жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Василий Колесниковтің өліміне қатысты іс бойынша тағы 3 күдікті қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Адвокаттың айтуынша, күдіктілер Түркістан облысы Түлкібас ауданында бой тасалап жүрген. Бұған дейін жаппай төбелеске қатысқан бірнеше адам қамауға алынған, алайда қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасқан.

Айта кетейік, 2026 жылғы 20 қаңтарда Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жаппай төбелес орын алды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралды. Төбелес барысында Василий Колесников пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру", "Қару қолдану арқылы бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысын Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты бақылауына алып, Шымкентке қылмыстық полиция, тергеу департаменті және ішкі қауіпсіздік департаментінің басшылары жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу