Жаппай вакцинациялау қашан басталады?

1126

Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндірілген 93 мың доза вакцина өңірлерге жеткізілді. 

Жаппай вакцинациялау қашан басталады?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде вакциянациялаудан өткендерде жағымсыз әсерлер байқалмады. 23 ақпаннан бастап екпенің екінші партиясы жеткізіле бастады. Ол Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндірілген 93 мың доза вакцина. Осымен медицина қызметкерлеріне екпе салуды аяқтап, педагогтарға салуды бастау жоспарланған", – деді вице-министр. 

Ерлан Қиясовтың айтуынша қазіргі кезде вакциянация еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Жалпы саны 786 екпе салу пункті құрылып, оның 170-і жұмыс істеуде. Вице-министрдің сөзінше "ақ халаттылар" мен педагогтар бастаған қатерлі топтағы мамандардан кейін екпе салдырғысы келген еріктілерді жаппай вакциянациялау басталады. 

"Бұл шамамен сәуір айының соңына қарай мүмкін болады деп жоспарлап отырмыз", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу