Жаппай жол апаттары жиілеп кетті – Олжас Бектенов

276

Жүргізушілерді жолдағы ахуал туралы уақтылы ескертіп отыру тапсырылды. 

Жаппай жол апаттары жиілеп кетті – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов жаппай жол апаттарының жиілеп кетуіне байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы бір назар аударатын мәселе – жаппай жол апаттары жиілеп кетті. Мысалы, қаңтар айының басында "Астана – Щучинск" бағытында резонанс тудырған жол апаты болды. Осындай оқиға "Астана – Қарағанды" трассасында да тіркелді. Бұдан ауа-райының бұзылуы және жүргізушілерді жол апаттары туралы ескертуге тиіс қолданыстағы әдістердің тиімсіз екенін көруге болады. Қыс айларында және қолайсыз ауа-райы кезінде ең жоғары жылдамдықты төмендету бойынша озық тәжірибені пайдалану керек",  деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов қолайсыз ауа-райында алыс жолға шығуға болмайтыны туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

"Цифрлық шешімдерді қолдана отырып, жүргізушілерді жолдағы ахуал туралы уақтылы ескертіп отыру керек. Радио мен әлеуметтік желілерді пайдаланған жөн. Қауіпті учаскелер алдында электронды таблолар мен уақытша белгілер орнатылуға тиіс. Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрландыру, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, жаппай жол апаттарының алдын алу үшін нақты алгоритмдерді енгізуді тапсырамын",  деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу