Жараланған 5 сарбазды Атырау қаласына алып кетті

1302

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 5 әскери қызметкер оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында жарақаттанды.  

Жараланған 5 сарбазды Атырау қаласына алып кетті

Қорғаныс министрлігі оқиғаға тергеу жүргізіліп бастағанынан басқа ақпарат бермеді. Дегенмен Бейнеу аудандық ауруханасының мәліметінше №99/116 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері жараланды. Олар зениттік қондырғының ЗУ-23/2 оқ-дәрісін тауып, ол орынды арнайы жалаумен белгі қойып жатқан кезде жарылыс болған.

Оқиға 27 қазан күні сағат 10-40 шамасында Бейнеу ауылынан 14 шақырым жерде орналасқан "Бекет ата" әскери полигонында оқу-жаттығу шараларынан кейінгі тазалау-залалсыздандыру жұмыстары кезінде болған. Олар жергілікті  уақытпен сағат 11-10 шамасында Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға салдарынан төрт әскери қызметшіге Бейнеу аудандық ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ал біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, шұғыл түрде ота жасалды.

"Бес әскери қызметкердің біреуінің аяқ-қолында көп жарақат бар. Ота жасалды. Қазір бесеуі де тиісті мамандардың бақылауда, ем алып жатыр", – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Қазір барлық 5 сарбазды Атырау қаласына әскери госпиталға алып кетті.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу