Жарамдылық мерзімі маусымның соңында аяқталатын жарты млн доза Pfizer вакцинасы бар

655

Қазіргі кезде Pfizer вакцинасының қоры 1 млн дозаны құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жарамдылық мерзімі маусымның соңында аяқталатын жарты млн доза Pfizer вакцинасы бар

"Бүгінгі күні Pfizer вакцинасының 1 млн дозасы бар. Уақытқа келетін болсақ, маусым айының соңына дейін 500 мың доза бар", – деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр халықты ревакцинациялаудың барысы туралы да айтты. 

"Қазақстандықтар екпе алуға және қайта вакцинациялауға өте ынталы. Күн сайын 15 мыңға жуық адам екпе алады.  Сондықтан Pfizer вакцинасын енгізу жоспарлы түрде жүріп жатыр", – деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Денсаулық сақтау министрі "жарамдылық мерзімі өтуге таяған вакциналар неге көп?" деген сауалға да жауап берді.

"Бастапқыда бізде қандай вакциналар бар екенін ескере отырып, балалар мен жүкті әйелдерге арналған Pfizer вакцинасы сатып алынды. Бүгінгі таңда екпе алуға құқығы бар жүкті әйелдердің 30%-ы ғана вакцинациядан өткен. Балалардың 70%-дан астамынан қалған вакцина дозалары қазір халыққа сатылуда", – деп қосты министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу