Жарамсыз көлікке салық салына ма?

1073

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының орынбасары Олжас Отар көлігі жарамсыз болып қалған жүргізушілерге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жарамсыз көлікке салық салына ма? Фото: inbusiness.kz

"Көлік жарамсыз болса, алайда ол мемлекеттік тіркеуде тұрса (Ішкі істер органдарында), оған салық салынады. Сондықтан оны тіркеуден шығару керек. Мұны біз ұмытпауымыз қажет", - деді Олжас Отар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардан көп арыз-шағым түсетінін атап өтті. Осы орайда маман тұрғындарға кеңес берді.

"ҚР Салық заңнамасына сәйкес, көлік мемлекеттік тіркеуден шығарылғанға дейін сіз салық төлеуге міндеттісіз. Сондықтан сіздің атыңыздағы көлік жарамсыз болса, оны ертерек тіркеуден шығарып тастаңыз", - деп түйіндеді сөзін директордың орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу