Жаратушымен "тілдескен" Жанат Бақыт не естігенін айтты

9772

"Рухтармен, періштелермен сөйлесемін", деп регрессология атты Батыстан келген әлдебір ілімді насихаттап жүрген Жанат Бақыт соңғы уақытта қоғам талқысына түсті.

Жаратушымен "тілдескен" Жанат Бақыт не естігенін айтты Фото: baribar.kz

"Кенесарының басы табылған кезде қазақ оянады", "Портал ашылды", "Алланы босатыңдар, орнына Жаратушы келді", "Алаш зиялыларының рухы Жерге түсіп жатыр" деген мәлімдемелерді соңғы кезде танымал тележүргізуші Жанат Бақыт әлеуметтік желіде айтып жүр.

"Мен, Әлихан Бөкейхан, Кенесарының басын тығуға көмек бердім. Ісіме өкінемін. Атамның ісін қайталамай-ақ қояйын деген едім. Алайда қайталанды. Мен солай істеуге мәжбүр болдым, халқым, кешіріңдер. Михаиловпен терезесі жоқ қараңғы қапаста кездестік, өз қолыммен Кенесарының басын апарып бердім. Михаилов мысқылдап "Халқың түбі білсе қайтесің?" деген еді. Мен "Бұл құпияны көрге әкетем. Ал түбі білсе… халқым түсінеді" дедім. Егер мен Кенесарының басын бермесем, олар Алаштың бәрін қыратынын айтып қорқытты. Халқым! Кешіріңдер мені. Жаратушы алдына бардым. Кешірім сұрадым! Жаратушы кешірді. "Басты өзің тықтың, өзің тыққан жерді айт Халқыңа" деді. Кенесарының басы Еуропаның Шығыс жағалауы Венецияда, Ақ үйдің астындағы қалада, 9 құлыппен 7 кварталда жасырылған. Жаратушы мені кешіріп, Венецияның суын тартып жатыр. Бұл ақпаратты алдымен Италия қазақтары біледі. Сосын бүкіл ақпарат құралдары шулайды. Кеңесарының басын Қазақстанға қайтаруды талап етеді. Бәрі қалпына келеді. Қазақ Алаштықтар армандаған "Негізіне" оралады. Тағы да кешірім сұраймын. Әлихан Бөкейханов", деп жазған facebook-парақшасында.

Сондай-ақ, ол болашақта Қазақстанның атауы Алаш болып өзгеретінін де айтқан.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тележүргізуші Жанат Бақыттың жалған сөзіне қатысты ресми мәлімдеме де жасады. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар халықтың жалған сөзіне сенбеуге, ел ішінде арандатушылық тудырудан сақ болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу