"Жәрдем" медициналық пойызы бірнеше облысты аралайды

1763

Дәрігерлер Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының аумағын қамтитын болады.

"Жәрдем" медициналық пойызы бірнеше облысты аралайды

"Жәрдем" медициналық пойызы 24 желтоқсанға дейін Қазақстанның оңтүстік-батысын аралайтын болады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пойыз жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ  127,6 миллион теңгеден астам қаражат бөлген.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекованың мәліметінше,   биылғы жылдың  29 сәуірінде жолға шыққан "Денсаулық" медициналық эшалоны 20 желтоқсанға дейін өз жұмысын жалғастыра береді. Бүгінге дейін жеті облысты аралап үлгерген пойыз қызметінен 15 мыңдай жергілікті тұрғын қажетті кеңес алып, тегін ем-дом қабылдаған.

Игі шара, елімізде 2010 жылдан бері аймақтардағы  шалғай елдімекен тұрғындарына  медициналық көмек көрсетіп келеді. Бүгінде диагностикалық және емдік құралдармен жабдықталған және түрлі саладағы дәрігерлер тобымен жасақталған арнайы теміржол құрамдары аудан,қала аумағынан шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарын қамтуда. Пойыздың жұмыс режимі дәрігерлердің тұрғындарды күнұзақ қабылдауына қарай құрылған. Диагностика  және емдеу шаралары тегін жүргізіледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу