"Биыл еліміздің 10 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 "Жәрдем" және "Саламатты Қазақстан" медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды", – деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі, оның ішінде 20 ұшақ, 13 тікұшақ жүзеге асырады. Бұдан бөлек ауылдық жерлерде жедел медициналық көмек көрсететін 595 бригада жұмыс істейді.