Жәрдемақы алып беремін деп ақша алған алаяқ қолға түсті

662

Түркістанда мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны шығарып беремін деп тұрғындарды алдаған әйел қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәрдемақы алып беремін деп ақша алған алаяқ қолға түсті

Түркістан ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді.

Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150 мың теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп үш тұрғыннан 150 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу