Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметін енді онлайн алуға болады

3549

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өз үлесін сенімгерлік басқаруға бере алатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметін енді онлайн алуға болады

Аталмыш қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен құрылтайшының (жеке тұлғаның) жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру, үлесті басқаруға беру мерзімін өзгерту және сенімгерлік басқаруға беруді қайтарып алу мүмкіндігі бар.

Жаңа "Жарғылық капитал үлесін сенімгерлік басқаруға беру" қызметін пайдалану үшін "электрондық үкімет" Порталына өту қажет. Содан соң пайдаланушы:

- порталда авторизациядан өтеді;

- қызметке онлайн тапсырыс беруді бастайды;

- ішкі қызметті таңдайды;

- міндетті жолдарды толтырады;

- автоматты тексерулерден өтеді;

- құжаттарды тіркейді (таңдаған ішкі қызметке сәйкес);

- өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды;

- өтінімді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жібереді.

Қызмет көрсету мерзімі тіркеушінің қатысуымен eGov.kz порталында өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күннен аспайды.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметтер тізімінде 700-ге жуық қызмет пен сервис қолжетімді, оның ішінде 2021 жылы egov.kz электрондық үкімет порталында 92%-ы автоматтандырылды. Egov.kz порталының көмегімен азаматтарға шамамен 50 миллион қызмет көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6 миллионға көп. Сондай-ақ авто және ЖК қайта тіркеу, бала туу бойынша жәрдемақыға өтініш беру және т.б. мемлекеттік қызметтер екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу