Жаркентте атыстан 33 жастағы ер адам жарақаттанды

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, 2 күдікті ұсталған.  

Жаркентте атыстан 33 жастағы ер адам жарақаттанды Фото: pixabay

Жанжал Жетісу облысының Жаркент қаласында тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілерге адам өлтіруге оқталу және бұзақылық фактілері бойынша айып тағылған. 

Облыстық полиция департаменті осыған дейін таныс ер адамдар арасында жанжал шыққанын мәлім еткен-ді. Оқиға барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданған. Оқ тиіп жараланған 33 жастағы ер адам жедел ауруханаға жеткізілген. 

Тергеу барысында полиция оқиға кезінде қолданылған болуы мүмкін қаруды тәркіледі. Қазіргі уақытта 2 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік желілерде "қару мемлекеттік органдармен байланысты адамға тиесілі" деген ақпарат тараған еді. 

Десе де, полиция бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты. Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын да еске салып отыр. 

Құқықбұзушылықтың мән-жайы мен құқықтық саралануына байланысты, кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Қылмыстық істің тергелуін Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу