Жаркентте мектеп оқушысы тоқ соғып, көз жұмды

564

Қазір қайғылы оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаркентте мектеп оқушысы тоқ соғып, көз жұмды Фото: besk.kz

Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп аумағында ойнап жүрген 5-сынып оқушысы ток соғып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 9 шілдеде 10 жасар қыз есігі құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияға кірген.

Ток соққан оқушы Жаркент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтай алмады.

– Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары нысанды пайдалану мен оның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейін анықтайтынын хабарлады.

Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу