Жаркентте туған баласын аяусыз ұрған ана қамауға алынды

166

Ал, екі бүлдіршін "Мейірім" қамқорлық орталығына орналастырылды.  

Жаркентте туған баласын аяусыз ұрған ана қамауға алынды Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Жетісу облыстық полициясы департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаркент қаласында өз баласын байлауда ұстап, оны аяусыз ұрған, тепкілеген ана тергеу изоляторына түсті. Оның озбырлық әрекеті әлеуметтік желілер арқылы тез тарады. 

Жантүршігерлік видеоны журналист Жанар Нұртазина әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода әйел адам баланы батареяға байлап, тепкілеп, аяусыз ұрғанын байқауға болады.

Осыдан соң Панфилов аудандық полициясы жедел түрде тексеру жүргізді.

"Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін әйел полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар қазіргі таңда қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жолдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу