Жаркентте зейнеткер әйелін пышақтап өлтірді

271

Ер адам оқиғадан кейін өзіне қол жұмсауға оқталған.

Жаркентте зейнеткер әйелін пышақтап өлтірді Фото: Азия плюс

Жетісу облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға 2024 жылдың 27 қазанында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

65 жастағы азаматтың екінші топ мүгедектігі болған. Зейнеткер психикалық ауытқу кезінде жұбайына пышақ сұққан. Әйел келесі күні ауруханада көз жұмған. Ал ер адам оқиғадан кейін өзін пышақпен жарақаттап, суицид жасауға тырысқан.

"Панфилов ауданының полициясы 65 жастағы азаматтың әйелін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмған",  – деді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу