Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы балалар орталығына айналды

586

Ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Ол 1 гектар жер учаскесінде орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.  

Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы балалар орталығына айналды Фото: t.me/press_Zhetysu_region

Жаркент қаласында орналасқан облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы балаларды оңалту орталығы болып қайта құрылды. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі хабарлады.

"Осы жылдың наурыз айында облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденцияны балалардың қажеттіліктеріне пайдалануды тапсырды. Ғимаратты қайта жөндеуге 80 млн теңге жұмсалды. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Ол 1 гектар жер учаскесінде орналасқан. Енді жаңа оңалту орталығы монтесорри, сенсорлық, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, дефектолог және логопед, гидромассаж және массаж, емшара кабинеттерімен, акт залымен және еңбекке оқыту бөлмесімен жасақталған", – делінген хабарламада.

Бұл мәселе облыстың бұрынғы әкімінің Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін шешілді. Сол кезде ол ғимарат пен учаскені мүгедектігі бар балалардың өмірі мен денсаулығы үшін күресуге көмектесетін маңызды нысанға айналдыру керектігі айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу