Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында баламалы қуат көздері пайда болады. Екі жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды 24.kz.
Екеуі де Жалғызтөбе кентінің маңайында орналаспақ. Оның бірі – қуаты 30 мегаваттық күн электр станциясы. Ал екіншісі – 25 мегаваттан 200 мегаваттқа дейінгі қуаттылықты құрайтын, құны 18 млрд теңге болатын жел электр станциясы.
"Жангизсолар" деген мекеме бар. Бұл испандықтармен бірлескен мекеме. Олар 17 млрд теңгеге күн сәулесінен электр энергиясын алу үшін Жалғызтөбеде жұмыстар жүргізіп жатыр. Біршама жұмыс тындырылды. Енді соны аяқтамақшы", – дейді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу