Жәрмеңке: Екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі

704

Елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке: Екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі

Осы демалыс күндері, яғни 18 және 19 қыркүйек күндері елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Өнімдер "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда саудаланады.

Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.

Атырау облысы қала тұрғындарына 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн әкеледі.

Ал Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс сатылады.

Жәрмеңкеге келушілер санитарлық талаптарды толықтай сақтауы қажет: маска тағу, әлеуметтік қашықтық және қолды дезинфекциялық құралдармен залалсыздандыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу