Дәл қазір Астананың үш ауданында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл шара әдеттегідей қара күзге дейін жалғасады, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен астам түрі саудалануда. Атап көрсетерлігі барлық тауар бөлшек саудадағы бағадан әлдеқайда арзан.
Жәрмеңке таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Сауран к-сі, 7, Абылай хан даңғылы, 20а, Қосшығұлұлы к-сі, 16 мекенжайында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу