Жәрмеңкеде 1 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылады

975

Жәрмеңкеде 1 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылады

"Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

16 мамыр сағат 10:00-13:00 аралығында "Жастар" сарайында (Республика даңғылы, 34) жалпықалалық бос орындар ашық жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара өз алаңында елорданың 100-ден астам жұмыc берушісін жинайды, олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады.

Жұмыс іздеушілерді, журналистерді, қоғамдық ұйым өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды немесе жұмысын өзгертуді қалайтын үміткерлерді шақырамыз. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасады, сауалнаманы толтырады (түйіндеме). Жұмыс ұсынушы мен жұмыс іздеуші тікелей байланысады.

Іс-шара барысында жауапты мамандар жұмысқа орналасу, қайта даярлау, еңбекпен қамту, жұмыс іздеу технологиясы, еңбек нарығында өзін-өзі таныстыру, кәсіптік оқыту және қосымша кәсіби білім беру мүмкіндіктері туралы кеңес береді.

Оқу орындарының түлектеріне жастар практикасын, халықтың мақсатты топтарынан келген адамдарға – әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналасу мәселесі туралы ақпарат алуға болады.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 7 мыңнан астам адам өтініш білдірген. Жалпы алғанда 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде бір мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасып, белсенді қолдау шаралары – бір мыңнан астам адам үміткерді қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу