Жәрмеңкеде құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылады

847

Жәрмеңкеде құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылады

Астанада 1 қарашада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі өтеді. Онда әлеуетті инвесторларға құрылысы аяқталмаған 20 нысан ұсынылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.
Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп инвесторларға арналған құрылысы аяқталмаған нысандардың кезекті үшінші жәрмеңкесін өткізеді. Шара мақсаты – елордадағы проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын тиянақты аяқтау.
Жәрмеңкеге нысандардың құрылысын аяқтауға қаржысын салуға дайын әлеуетті инвесторлар қатысушы ретінде шақырылды. Олар үшін нысандармен танысуға арналған мәліметтер дайындалды. Материалдар бойынша қажетті ақпараты бар төлқұжат әзірленді.
Бұдан басқа, әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бүгінгі таңда ТҚК-дегі 28 нысан (5мыңнан астам инвестор) қала прокурорының талабы бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтайтын кәсіпкерлерге тапсырылды, 12 нысан бойынша (2300-ге жуық инвестор) жұмыстар жалғасып жатыр.
Аталмыш жәрмеңке 2017 жылдың 1 қарашасында  "Думан" қонақ үйінде  өтеді.
Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі мен прокуратура органдары бірлесіп, проблемалы нысандар бойынша инвестицияларды тарту ісіне қолдау көрсетуде. Солардың ішінде 19 сәуір мен 26 шілдеде өткен жәрмеңкелерде 16 нысан таныстырылған болатын.
Өткен жәрмеңкелердің нәтижесінде құрылысы аяқталмаған 6 нысан бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау жөніндегі келісімге қол қойылды ("Скай сити" ТК, "Байтау", "Алға самал", "Хазрет", "Пана", "Табысқұрылтай")

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу