Жәрмеңкеге 190 қайта өңдеу кәсіпорыны қатысты

800

Жәрмеңкеге 190 қайта өңдеу кәсіпорыны қатысты

Астанадағы жәрмеңкеде Оңтүстік Қазақстан, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңкеге шамамен 40,5 т - ет өнімдері, 177,5 т - көкеніс, 2,7 т - сүт өнімдері, 10 мың дана құс жұмыртқасы, 13 тонна балық, 2 т шұжық өнімдері әкелінді. Мұндағы баға базар бағасынан 15-20%-ға төмен болды.

Жәрмеңкеге үш облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен 190 қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Қазақстан аймақтарының  ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында өткізілуде.

Алдағы уақытта, 27-28 мамырда астаналықтарға Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Жалпы, 200-ден астам ауыл шаруашылығы өнімінің  жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу