Жарна төлемеген 7 мемлекеттің дауыс беру құқығы шектелді

1183

БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталықафрикалық Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен мемлекеттері БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығынан уақытша айырылды.

Жарна төлемеген 7 мемлекеттің дауыс беру құқығы шектелді

Жеті мемлекеттің БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығы уақытша тоқтатылды. АҚШ-тың БҰҰ-ға қарызы бұрынғыша $491 млн болып отыр, деп хабарлайды Түркияның Анадолу агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.

БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталықафрикалық Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен сияқты барлығы 7 мемлекет ұйымның бюджетіне төленетін жарна төлемеуі себепті Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан уақытша айырылды.

БҰҰ Жарғысының 19-бабына сәйкес, егер ұйымға қарызы екі жылда төленуге тиіс көлемнен асып кетсе, мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқынан айырылады.

Өткен жылы БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 146-сы ұйымға жарналарын толық төлеген. Жарнаны ұйымға мүше 47 мемлекет төлемеген. АҚШ-тың қарызы бұл ретте 491 млн долларды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу